Ел жаңалықтары

БҚО-да полицей мал ұрлады деген күдікпен қамауға алынды

  • БҚО-да полицей мал ұрлады деген күдікпен қамауға алынды

    БҚО-да полицей мал ұрлады деген күдікпен қамауға алынды

Батысқазақстандық учаскелік полиция инспекторы мал ұрлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Қазір  тәртіп сақшысының қанша  малды ұрлағаны және оның сыбайластарының кім екені анықталып жатыр. Әзірге он шақты адамнан 50   малдың ұрланғаны туралы арыз түскен.  Олардың барлығы  -күдіктінің ауылдастары.

Келген шығын 15 миллион теңгеге жуықтайды. Бір қызығы, облыстың бас полицейіне шағым түсіргеннен кейін ұрланған малдың кейбірі иелеріне қайтарылыпты. Дегенмен облыстық полиция департаменті тергеу жүргізіліп жатқанын алға тартып, басқа деректерді жариялаған жоқ.

“Қазіргі таңда ҚР ҚК 188-1 бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталу үстінде”, – дейді БҚО полиция басқармасының баспасөз хатшысы Лунара Аманғалиева.




Көрілген: 374    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 21:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30