Біліктілікті арттыру уақыт талабы

26 ақпан 2022, 01:01

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД департаментіне қатысты Солжағалау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Азамат Сакенов ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 4-курс курсанты Жайдар Ұлабекке пробация қызметінің есебінде тұрған: қоғамнан оқшаулаусыз жазаға сотталғандардың жаза өтеу тәртібін түсіндіруде. Тәлімгердің негізгі мақсаты – жас маманның біліктілігін арттыру шеңберінде жас әріптесін Отан сүйгіштікке, патриотизмге баулу.

Қазіргі кезде Солжағалау аудандық пробация қызметінің инспекторлары жас курсантқа атқарушы іс-жүргізу кезеңдерін түсіндіру кезінде өз қызметінің тәжірибелерімен бөлісуде. Сонымен қатар, сот үкімін орындау барысында сотталған азаматтармен туындайтын жанжалдық жағдайларды тиімді шешу және сотталғандармен қарым-қатынас үлгісі, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жұмыстары түсіндірілуде.

Ұлабек. Ж, Ш.Қабылбаев атындағы 4 курс курсанты