Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Білім күні: Биыл 2 млн 600 мың бала қашықтан оқиды

01 қыркүйек 2020, 09:34

Биыл 2 млн 600 мың бала қашықтан оқиды. Яғни оқушылардың 80 проценті онлайн форматта білім алады, деп хабарлайды Хабар24.

Мектептер 8 интернет платформаның бірін таңдап, сол бойынша сабақ жүргізеді. Ал оған қосылуға мүмкіндігі жоқтар телесабақ арқылы оқиды. «Еларна» және «Балапан» арналары білім бағдарламасына 9 сағат эфирін арнайды. Ал бастауыштың 530 мың оқушысы кезекші кластарға барады. Эпидемиологиялық ахуалы тұрақты ауылдардағы шағын жинақталған мектептер дәстүрлі білім береді. Яғни 2020 мың бала мектеп партасына отырады. Бір кабинетте 15 оқушыдан артық отыруға болмайды. Әлеуметттік арақашықтық сақталуы тиіс. Ел бойынша 350 мың мұғалім қашықтан оқыту әдісін меңгеру үшін арнайы курс оқыған. Көп балалы және тұрмысы төмен отбасының балаларына уақытша пайдалануға компьютер берілді. Барлығы 500 мың оқушы компьютермен қамтамасыз етілді.