Алматылық Ғалымжан есімді мектеп оқушысы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқушылардың демалыс уақытын созуын, сонымен бірге қажетсіз пәндерді мектеп бағдарламасынан алып тастауды өтініп, хат жазған еді. Оның өтінішіне білім министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Министр балаға жазған хатын оқығанын хабарлады.
"Сенің ойыңды құрметтеймін, бірақ менде бүкіл ел оқушыларының жауапкершілігі жатыр. Ғалымжан, Білім министрлігінің жұмысы сен және сенің достарың білімді адам болып өсулеріңе, Қазақстанның дамуына үлес қосуларыңа бағытталған", - деді Асхат Аймағамбетов.
Баланың "Жаратылыстану" және "Өлкетану" сияқты қиын әрі "қажетсіз" пәндеріне жасаған шағымына министр олардың мектеп бағдарламасы үшін маңызды және басқасын білместен екінші пәнде меңгеру мүмкін емес деп жауап берген.
"Жаратылыстану" сені қоршаған ортамен таныстыратын өте қызықты пән.
Ал "Өлкетану" сенің туып, өскен жеріңнің тарихын айтады. Егер сәл шыдасаң, оқу жылының соңына қарай осы пәндер бойынша жақсы нәтижеге жететініңе мен сенімдімін", - деді министр.