Ел жаңалықтары

Болашақта емхана қызметі – медицина бизнесі үшін тиімді сегменттердің біріне айналады.

  • Болашақта емхана қызметі – медицина бизнесі үшін тиімді сегменттердің біріне айналады.

    Болашақта емхана қызметі – медицина бизнесі үшін тиімді сегменттердің біріне айналады.

Болашақта емхана қызметі – медицина бизнесі үшін тиімді сегменттердің біріне айналады. Біз қазір рыноктың осы салаға назар аудара бастағанын көріп отырмыз. Атап айтқанда, Медициналық сақтандыру қорынан тапсырыс алып жатқан, соның ішінде емхана қызметіне қызығушылық танытып отырған жеке меншік клиникалар саны артып келеді. Қормен келісімшарт бекіткен 1403 жеткізуші компанияның тең жартысы – жеке меншік. Бұл туралы Қор басшысы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді.

«Медициналық-санитарлық көмек көрсететін жеткізушілер саны 2017 жылы 501 болса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 550-ге жетті. Осыдан екі жыл бұрын жеткізушілер арасында 307 мемлекеттік, 104 жеке меншік ұйым болса, бүгінде 372 мемлекеттік, 178 жеке меншік клиникамен жұмыс істеп жатырмыз», - деді Қор басшысы Алматыда саладағы түйткілді мәселелерді талқылауға арналған жиын барысында журналистерге.

Айтуынша, болашақта консультативтік-диагностикалық көмек, оңалту мен палиативтік көмекке бөлінетін қаржы да көбейеді. Сондықтан бұл секторларды да бизнеске тиімді салалар қатарына жатқызуға болады.

«Жеке меншік сала мемлекеттік тапсырысты орындауға емханалармен субмердігерлік келісімшарт бекіту арқылы да қатыса алады. Сөйтіп, олар қолда бар ресурстардың арқасында сала маманының қызметін, диагностика мен зерттеудің белгілі бір түрлерін көрсете алады», деді Айбатыр Жұмағұлов.




Денсаулық сақтау министрі Елжан біртановтың айтуынша, жл басынан бері емхана қызметін дамыту мақсатында бірқатар тарифтерді көтерді. Олар негізінен дәрігерлер мен медицина персоналының жалақысын өсіруге бағытталды. Жыл соңына дейін тағы бірқатар тариф түрлерін өсіру жоспарда бар. Жалпы, тарифтерді теңестіру көрсетілетін қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттырып, жеке меншік секторды мемлекеттік тапсырысты орындауға, медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға ынталандырады.

«Былтырдан бері тарифтерді жетілдіру, аймақтар арасындағы тариф алшақтығын жою жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, тарифтерді есептеу әдістемесі де түбегейлі өзгермек. 2021 жылдан бастап тарифтерді қалыптастыру барысында амортизациялық шығындарды ескеру жоспарланып отыр», - деді министр.

«Медициналық қызметтердің нарықтағы бағасы мен мемлекеттік тарификаторды салыстырсақ тариф қалыптастыру тәсілдерінің арасындағы алшақтықты байқауға болады. Мысалы, кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде бүйрекке жасалатын УДЗ үшін 804 теңге төленеді. Ал, мемлекеттік медицина ұйымдарында УДЗ ақылы жасату үшін орта есеппен 2 230 теңге төлеу қажет», - деп қорытты Елжан Біртанов.




 




Көрілген: 387    Пікірлер: 0

жұма, 21.06.2019, 15:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31