Ел жаңалықтары

Болат Назарбаевтың қоры мақтааралдықтарға 20 үй салып беріп, 100 отбасыға ақша таратпақ

  • Болат Назарбаевтың қоры мақтааралдықтарға 20 үй салып беріп, 100 отбасыға ақша таратпақ

    Болат Назарбаевтың қоры мақтааралдықтарға 20 үй салып беріп, 100 отбасыға ақша таратпақ

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған Мырзакенттегі жаңа шағын ауданнан белгілі меценат Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры 20 үйдің құрылысын бастап кетті. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 Бүгінде құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жуырда іргетасы қаланып, үйдің қабырғасы көтеріледі.

«Салиқалы ұрпақ» қорының ресми өкілі Нұрлан Байымбетовтің айтуынша, 20 үйдің құрылысы ағымдағы жылдың шілде айының соңында толық аяқталып, тұрғындарға кілті табысталады.

«Мырзакенттегі біздің қор атынан салынып жатқан үйлерді жергілікті «Нұр ел» және «Тіней-құрылыс» компаниялар жүргізуде. Қазіргі таңда жерді қазу, құрылысқа дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы күндері іргетасын қалап, 20 үйдің құрылысын шілде айының 20-ы күні толық аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Бұдан өзге, қор атынан Мақтаарал ауданындағы ағайындарға көмек ретінде 20 тонна азық-түлік келген болатын. Сондай-ақ, «Салиқалы ұрпақ» қоры судан зардап шеккен жағдайы төмен 100 отбасыға 100 мың теңгеден үлестірмек. Балаларға да базарлық ретінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан 20 оқушыны Алматы облысындағы жазғы лагерьлерге жөнелтетін болады.

 

 




Көрілген: 635    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.05.2020, 18:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31