"Бомба қойылғанына" байланысты Нұр-Сұлтандағы ҚТЖ ғимараты эвакуацияланды

18 мамыр 2022, 23:13

Нұр-Сұлтандағы "Қазақстан темір жолы" компаниясының ғимараты жасырын хабарламаға байланысты эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚТЖ БАҚ-пен байланыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы ұлттық компанияға ғимараттың бомбаланғаны туралы анонимді хабарлама түскенін айтты. Бұл туралы құзырлы органдарға хабарланды.

"ҚТЖ қызметкерлері ғимараттан жедел эвакуацияланды. Толық ақпарат алу үшін құзырлы органдарға хабарласуларыңызды сұраймыз", - деді Жұмабайұлы.