Ел жаңалықтары

Боранда жүргізушілерге жүгіріп жүріп жол көрсеткен полицей марапатталды

  • Боранда жүргізушілерге жүгіріп жүріп жол көрсеткен полицей марапатталды

    Боранда жүргізушілерге жүгіріп жүріп жол көрсеткен полицей марапатталды

Қостанай облысының Полиция департаменті боранды күні көліктерге жол көрсеткен полицей Амантай Байжановты марапаттады. Бұл жөнінде полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

18 ақпанда Байжанов боранға қарамастан, 10 автокөліктен тұратын автотізбек жолынан адаспай қалаға жетуі үшін аянбай еңбек еткен. Полицей жол көрсетем деп шамамен екі шақырымды жүгіріп өткен. Полицейдің бұл батыл әрекетінің видеосы желіде қызу талқыланып, оқырмандар көптеген оң пікір білдірді.

«Елдің жылы пікірлері әлеуметтік желілерде жарияланды. Халық полицейге ризашылығын әлі де білдіріп жатыр. Бұл жас мамандарға үлгі боларлық іс», &ndash деді Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.
Ардақ Ынтықбаев Амантай Байжановқа марапат қағазы мен Елтаңба бейнеленген қолсағат тапсырды.

Қостанай облысы тұрғынынан мыңнан астам героин дозасы тәркіленді
Солтүстікте боранда адасқан бес адам жоғалып кетті
Ауа райына байланысты астанадан шығатын жолдың бәрі жабылды
 
Амантай Байжанов бұған дейін де ерлігімен ел ықыласына бөленген. Былтыр сәуірде ол әріптесімен бірге 15 адамды өрттен құтқарған. Ол 2014 жылдың қаңтарынан бері полицей болып қызмет етеді.

aikyn.kz




Көрілген: 733    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 02:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30