Ел жаңалықтары

Бойжеткен полицияға "ортамызға түспеңдер" деген: Қырғызстандықтарды дүр сілкіндірген оқиға жайлы жаңа деректер белгілі болды

  • Бойжеткен полицияға

    Бойжеткен полицияға "ортамызға түспеңдер" деген: Қырғызстандықтарды дүр сілкіндірген оқиға жайлы жаңа деректер белгілі болды

Қырғызстанда бойжеткенді ұрлап әкетіп, артынша оны өлтіріп тастаған ер азамат Ресейде сотталған болып шықты. Бұған қоса, жоғалып кеткен бойжеткеннің полициямен сөйлескені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Вечерний Бишкек" басылымына сілтеме жасап.

"5 сәуірде екеуінің телефондары өшірулі болған. Кешкісін Айзаданың анасы онымен хабарласып, қызының жағдайы жақсы екенін, біршама уақыттан кейін үйге оралатынын білген. Содан кейін бойжеткенге тергеушілер хабарласқан. Айзада тәртіп сақшыларына екеуінің қарым-қатынасына араласпауларын өтініп, жағдайды өзі реттейтінін айтқан. Кейін марқұмдардың екеуінің де ұялы телефондары сөндірілген" - деді қылмыстық милиция қызметінің басшысы Ұлан Айтбаев. 

 Айзаданы өлтірген азамат бірінші әйелімен ажырасып кеткен. Соңғы уақыттарда жолаушы тасымалымен айналысқан. Полиция мәліметінше, оның тұрғылықты үйі болмаған, көбіне көлігінде түнеген. 

Бұған қоса, ол Ресейде қарақшылық әрекеті үшін сотты болған. 

Еске салайық, Қырғызстанда әлдебіреулер 26 жастағы Айзада Қанатбекованы ұрлап әкеткені белгілі болған еді. 7 сәуірде бойжеткен мен 26 жастағы ер азаматтың өлі денелері көлікте табылған. Бұл оқиғаны естіген халық көтеріліп, наразылыққа шықты.




Көрілген: 478    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 15:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31