Ел жаңалықтары

Бір ауылды дүрліктірген жасөспірімнің әрекеті әшкере болды

  • Бір ауылды дүрліктірген жасөспірімнің әрекеті әшкере болды

    Бір ауылды дүрліктірген жасөспірімнің әрекеті әшкере болды

"Мектеп жарылады" деп қоңырау шалып, Панфилов ауданындағы бір ауылды дүрліктірген жасөспірімнің әрекеті әшкере болды, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

Панфилов ауданының Полиция бөліміне Аққұдық ауылындағы мектеп қызметкерлері қоңырау шалып, белгісіз біреудің телефон арқылы мектептің түнде жарылатынын хабарлағанын айтқан. Тәртіп сақшылары талапқа сәйкес әрекет етіп, аудандағы барлық тиісті қызмет өкілдері оқиға орнына жедел жиналған.

"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полицияның жеке құрамына дабыл беріліп, оқиға орнына жиналды. Жарылғыш затты табуға облыстық ПД &ldquoАрлан&rdquo жасағының сапер тобы жұмылдырылды. Мектеп іші мен жақын маңы толығымен тексеріліп, қоңырау шалушының жалған ақпарат таратқаны дәлелденді. Жедел-тергеу шаралары барысында 14 жастағы жасөспірімнің телефон шалғаны анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", &ndash деді Панфилов ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Жандос Кавлиев.

Ауыл тұрғындарын дүрбелеңге салған қоңыраудан кейін мектеп маңында тұратын отбасылар қауіпсіз жерге шығарылған. Қандай да бір ақпарат білуі мүмкін адамдардың барлығынан жауап алған полицейлер телефон лаңкесін көпке ұзатпай анықтаған. 2006 жылы туған кәмілетке толмаған бала мектепке бомба қойылды деп қоңырау шалғаны анықталды. Карантиндік шараларға байланысты өзге балалар жете алмай жүрген білім ордасына барғысы келмеген жасөспірім осылай қалжыңдаған.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу аяқталған соң іс материалдары сотқа жолданып, нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады", &ndash деп толықтарды Жандос Кавлиев.




Көрілген: 289    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 00:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31