Бір күнде 197 адам пневмонияға шалдықты

19 қазан 2020, 01:51

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 197 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.

2020 жылғы 18 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 197 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 42 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бергі статистика бойынша  ауырғандар саны &ndash 35 914.
381 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны &ndash 28 207.

Айта кетейік елімізде коронавирус белгілері бар пневмонияның тұрғындар арасында асқынуының салдарынан еліміздің бірқатар облыстарында карантин режимі күшейтілді.