Бір күнде қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

12 сәуір 2022, 09:07

Қазақстанда өткен тәулікте 11 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.  

 
Атап айтқанда:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 2
  • Алматы қаласы - 7
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 2.

Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 305 315 адамға жетті. 

Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 151 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша атап айтқанда:

  • Алматы қаласы - 8
  • Ақтөбе облысы - 137
  • Алматы облысы – 3
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Қарағанды облысы – 1
  • Қызылорда облысы - 1.

Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 290 679 адамға жетті.