Бір күнде қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

17 қазан 2021, 09:47

Қазақстанда өткен тәулікте 1805 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 256, Алматы қаласы - 320, Шымкент қаласы - 56, Ақмола облысы - 125, Ақтөбе облысы - 33, Алматы облысы - 153, Атырау облысы - 38, Шығыс Қазақстан облысы - 90, Жамбыл облысы - 21, Батыс Қазақстан облысы - 55, Қарағанды облысы - 152, Қостанай облысы - 111, Қызылорда облысы - 35, Маңғыстау облысы - 8, Павлодар облысы - 172, Солтүстік Қазақстан облысы - 148, Түркістан облысы - 32.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 916504.