Қазақстанда өткен тәулікте 15 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 229-ға жетті.
Атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласында - 4,
Алматы қаласында - 6,
Ақмола облысында - 1,
Алматы облысында - 2,
Шығыс Қазақстан облысында - 1,
Қостанай облысында - 1.
Қазақстанда 170 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 1 290 278 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.