Бір күнде КВИ мен пневмониядан 48 адам көз жұмды

19 шілде 2021, 09:47

ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 19 шілдедегі ақпаратты жариялады.

19 шілдедегі мәлімет бойынша, 58 887 адам коронавирус инфекциясынан (–57 269 + және 1618 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 19 005 пациент стационарда, 39 882 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 1047 адамның жағдайы ауыр, • 230 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 144 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


17 шілде күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 26 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 70 адам емделіп шықты. 13 наурыздан 2020ж. барлығы: ауырғандар - 58631, 3541 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 53472-ге жетті.