"Бір медаль алсақ та жетістік": Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның қысқы Олимпиадада қанша медаль алатынын болжады

25 қаңтар 2022, 16:13

Қазақстан қысқы Олимпимададан жалғыз медальмен қайтуды дәстүрге айналдырған. Бұл жолы бір медаль алсақ - бұл жетістік пе әлде сәтсіздік пе? Бұл сұраққа ОҚК-да өткен брифингте спорт және мәдениет вице-министрі Серік Жарасбаев жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Әр Олимпиадаға барған сайын біз медаль алуға үміттенеміз. Бір медаль, екі медаль деп айтсақ та ол біздің споршыларымыздың жетістігі деп есептеймін. Өйткені олар бар өмірі мен күш-жігерін сарп етеді. Жалпы Тәуелсіздік алғаннан бері Қысқы Олимпиада түрлерінен 8 медальға ие болдық. Оның төртеуін бір ғана адам алған. Сондықтан Олимпиада да қандай медаль алсақ та жетістік деп айтуға болады. Негізінде, қысқы спорт түрлеріне ерекше назар аудару қажет деп есептеймін. Олимпиада аяқталғаннан кейін 25 ақпанда үкімет тарапынан кеңейтілген кеңес өткізілетін болады. Сол жерде бәрі талқыланады”, – деді Серік Жарасбаев. 

Сондай-ақ вице министр биыл спортшылардан қанша медаль күтетіні туралы айтты. 

“Биыл қанша медаль аламыз немесе алмаймыз деп айту қиын. Неге десеңіз, соңғы екі Олимпиададамен салыстырғанда біздің спортшыларымыз басқаша деңгейде дайындалды. Өздеріңізге белгілі, соңғы екі жылда пандемия болды. Бірақ споршыларымыз бар күшін салып, жоғары деңгейде өнер көрсетеді деп ойлаймыз”, – деді ол.