Ел жаңалықтары

Бір тәулікте алты миллион теңге: Шетелден ПТР тестсіз келген қазақстандықтарға үкімет қанша теңге бөледі

  • Бір тәулікте алты миллион теңге: Шетелден ПТР тестсіз келген қазақстандықтарға үкімет қанша теңге бөледі

    Бір тәулікте алты миллион теңге: Шетелден ПТР тестсіз келген қазақстандықтарға үкімет қанша теңге бөледі

Қазақстанға 28 ақпанда коронавируспен ауырмайтынын көрсететін ПТР анықтамасы жоқ 729 жолаушы келді. COVID-19-ға тестті олар мемлекет есебінен өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.   

Денсаулық сақтау министрлігіне қарайтын зертханалар бір ПТР-тестке 8 025 теңге (шамамен 20 доллар) жұмсайды. Осылайша, билік 729 жолаушыға 5,8 миллион теңге (шамамен 14 мың доллар) төлейді.

 
2021 жылғы 28 ақпанда Қазақстанға Германия, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан барлығы 23 халықаралық әуе рейсі келді.

3 210 авиажолаушыдан ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамалар 2 481 адамда болған. Ал анықтамасыз келген қазақстандықтар саны - 729.

Алматы әуежайына: 15 рейс, 2033 жолаушы, анықтамасы барлар - 1693, анықтамасыз - 340. Ал Нұр-Сұлтан әуежайына 8 рейс, 1177 жолаушы, анықтамамен - 788, анықтамасыз - 389 жолаушы.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары COVID-19 -ға ПТР-талдау әдісімен сынақтан өткізіліп, карантиндік стационарда өз нәтижелерін күтуде, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Сондай-ақ, ПТР талдау нәтижелері бойынша анықтамасыз келген 473 Қазақстанан азаматының ішінен Дубай-Алматы рейсімен келген төрт жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.




Көрілген: 283    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 15:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30