Ел жаңалықтары

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болды

  • Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болды

    Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болды

Коронавирус пандемиясы басталғалы Қазақстанда 109 766 адам инфекция жұқтырып, 1 803 науқас қайтыс болды
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

20 қазанда төрт адам коронавирус инфекциясынан және бір адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

Сондай-ақ, бір тәулікте 143 адамнан коронавирус анықталды, 220 адамға пневмония диагнозы қойылды.

Қазір коронавирус инфекциясынан 2 662 адам ем қабылдап жатыр, олардың арасында 181 бала бар. Стационарларда 2 145 науқас жатыр. 517 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастар арасында 91 адам ауыр жағдайда жатыр, 10 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 13 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясы басталғалы Қазақстанда 109 766 адам инфекция жұқтырып, 1 803 науқас қайтыс болды. Ал бірінші тамыздан бері 36 200 адамға пневмония диагнозы қойылды, 388 адам көз жұмды.
 
 




Көрілген: 259    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 12:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30