Бірқатар өңірде ауак райына байланысты ескерту жарияланды

28 қыркүйек 2021, 22:07

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

29 қыркүйек Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Т үнде облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні 25 м/с шамасында.

 

Осы күні Петропавл қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

 

29 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан секундына 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

 

Түнде Көкшетау қаласында солтүстік - шығыстан соққан желдің қарқыны 15 м/с дейін күшейеді.

 

Күндіз 29 қыркүйекте Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

 

29 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Батыстан, солтүстік-батыстан күшті жел соғады. Жел жылдамдығы облыстың орталығында 15-20 м/с шамасында болады.

 

29 қыркүйек күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді.

 

29 қыркүйекте Ақтөбе облысында солтүстіктен және солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.