Ел жаңалықтары

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

    Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгиромет» РМК-сы Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, 24 қыркүйекте Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Ақтөбеде күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

24 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында және батысында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістанда күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 23 метрге жетеді.

Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының орталығында және батысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады, шаңды дауыл тұрады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады, шаңды дауыл тұрады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысы аймағының басым бөлігінде 1-6 градус үсік жүреді. Бесқарағай, Үржар аудандарында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

24 қыркүйек Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде және батысында желдің екпіні 15-20 м/с болады, төтенше өрт қаупі сақталады.

aikyn.kz




Көрілген: 376    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 22:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31