Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

17 маусым 2022, 00:23

Қазгидромет 17 маусымда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Шығыс Қазақстан облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с жылдамдықты көрсетеді.

17 маусымда түнде Ақтөбе облысының батысында, күндіз оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 16 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл, солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 15-20 м/с жылдамдықты көрсетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысыңда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысыңда күндіз екпіні 15-20 м/с. Таңертең және күндіз 17 маусымда Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

ҚазАқпарат.