Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

31 желтоқсан 2022, 22:47

Қазгидромет 1 қаңтарда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

 

Абай облысының басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

 

Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болжанады.

 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы қ аласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді.

 

Ұлытау облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, тау асуларында күші 15-20 м/с.

 

Шымкент қаласында кей уақытта тұман, көктайғақ болады.

 

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі.

 

Павлодар облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

 

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.

 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, көктайғақ, тұман түседі.

 

Ақмола облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с күтіледі.