Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

01 мамыр 2022, 16:45

Бірқатар өңірде ауа райы бұзылып, күн суытады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысының солтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады. Солтүстік-шығыстан, батыстан, оңтүстіктен және облыс орталығынан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

 

Атырау қаласында күндіз найзағай жарқылдап, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.

 

Орталықта, шығыста, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20, кей жерде 23 м/с болады деп күтіледі.

 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталық бөлігінде найзағай ойнайды.

 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с құрайды. 

 

Қостанай қаласында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз Маңғыстау облысының шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойысатын желдің күндіз облыстың солтүстігінде, шығысындағы екпіні 15-20 м/с жетеді.

 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында солтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел соғады.

 

Петропавл қаласында күндіз солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

 

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, найзағай ойнайды деп күтіледі.