Ел жаңалықтары

Біртанов Семейде коронавируспен ауыратын науқастарды емдеген дәрігерлерді марапаттады

  • Біртанов Семейде коронавируспен ауыратын науқастарды емдеген дәрігерлерді марапаттады

    Біртанов Семейде коронавируспен ауыратын науқастарды емдеген дәрігерлерді марапаттады

Семейде коронавируспен ауыратын науқастарды емдеумен айналысқан дәрігерлерді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов марапаттады, - деп хабарлайды Алаш айнасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елдегі медицина қызметкерлері коронавирустық инфекциямен күресуді жалғастыруда. Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстан төтенше жағдайдан шықты

Бүгін әкімдікте коронавируспен ауыратын науқастарды анықтауға және емдеуге белсенді қатысқан қаланың медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен дәрігерлер төсбелгілермен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Коронавируспен алғашқылардың бірі болып күреске шыққан Ядролық медицина және онкология орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Дулат Қарабаев болды. Оған Қарағайлы жаңа ықшам ауданында пәтердің кілті салтанатты түрде табысталды.

Пандемия жағдайында белсенді жұмыс істегендері үшін Семейге жұмыс сапарымен келген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина қызметкерлеріне алғыс айтты.

«Сіздерге жұмысыңыз үшін рахмет айтқым келеді. Біздің еліміздің болашағы сіздің қолдарыңызда. Елде осындай күтпеген жағдай болды, бірақ оған қарамастан, дәрігерлер жұмысқа барып, пациенттермен кездесіп, оларға медициналық көмек көрсетті. Пандемия кезінде біз денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерімізді көрдік және қазір денсаулық сақтау жүйесін нығайту бағытында жұмыс істеудеміз. Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мәселелері түбегейлі қайта қаралатын болады. Дәрігерлерге қажетті қолдау көрсетіледі»,- деді Елжан Біртанов.

Денсаулық сақтау министрі сондай-ақ, бүгінгі таңда біздің аймақта ауруға шалдығу көрсеткіші ең төмен болып саналатының айтты.

«Бүгінгі таңда облысымызда ең төмен ауру көрсеткіші. Сонымен қатар, өңірімізде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны да аз. Біз инфекциямен күресуді үйрендік деп ойлаймыз, ол енді біз үшін бұрынғыдай қауіпті емес. Сондықтан біз бұдан әрі де осы бағытта жұмыс жасаймыз деп ойлаймын»,- деп түйіндеді Елжан Біртанов.

 




Көрілген: 568    Пікірлер: 0

сенбі, 16.05.2020, 17:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30