Ел жаңалықтары

Бүгін – Тұңғыш Президент күні

  • Бүгін – Тұңғыш Президент күні

    Бүгін – Тұңғыш Президент күні

Бүгін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтулы дата осыдан 10 жыл бұрын, нақты айтсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен бекітілген болатын.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізіліп, 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні деп белгіленді. 1991 жылдың 1 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш Президенті ретінде қызметке кірісті.

Аталмыш мерекенің 1 желтоқсан сайын тойлануында осындай мән бар. КСРО ыдыраған тұста тәуелсіздігін жариялаған Қазақстанның тұңғыш Президенті болғаны ескеріліп, сол тұста қолға алынып, жүзеге асқан түрлі бастамалар мен реформалар, мемлекет құру жолында жасалауы тиіс стандартты шаралардың бәрі Елбасы есімімен бірге аталып жүр. Араға ғасырлар салып, мемлекеттілігін қайтарған қазақ елінің алғашқы басшысы болғанына орай, тұңғыш Президент ерекше құқыққа ие тұлға болып саналады.

Оның тәуелсіздіктің елең-алаң шағында атқарған қызметі заңнамалық тұрғыдан жоғары бағасын алған.

«Тұңғыш Президент», «Елбасы», «Ұлт көшбасшысы» деген ресми мәртебелері бар. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан тарихындағы орны туралы қалам тербейтін кейбір тарихшылар мен саясаттанушылар елдегі ең сүйекті жобалар мен елеулі тарихи оқиғалардың бәрінің бастауында Елбасы тұрғанын жазып жүр.

Атап айтсақ, ҚР Қарулы күштерінің құрылуы, шекараның делимитациясы мен демаркациясы, ұлттық валюта – теңгенің айналымға шығуы, ел астанасының Алматыдан Ақмолаға ауыстырылуы, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы, ұлттық алтын-валюта қорының құрылуы, Конституцияның бірнеше рет жетілдірілуі, Еуразиялық жэономикалық одақтың құрылуы және оған Қазақстанның мүше ретінде кіруі сияқты оқиғаларды Елбасының еңбегі ретінде бағалау үрдісі бар.

Қазақстанның даму бағытын айқындап отырған «Қазақстан-2050» стратегиясы да Елбасының бастамасымен қабылданған. 2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Президенттік өкілетін қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстады. Осы оқиғаның аясында Астананың атауы Тұңғыш Президенттің атына Нұр-Сұлтан болып ауыстырылды.




Көрілген: 1634    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.12.2021, 09:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31