Ел жаңалықтары

Бүгін Атыраудағы Теңіз кенішінде 20 жұмысшыдан КВИ анықталды

  • Бүгін Атыраудағы Теңіз кенішінде 20 жұмысшыдан КВИ анықталды

    Бүгін Атыраудағы Теңіз кенішінде 20 жұмысшыдан КВИ анықталды

Бүгін Атырауда Теңіз кенішінің 20 жұмысшысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Ал 25 жұмысшы қауіпті індеттен айықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте 21 адамнан қауіпті індеттің белгісі анықталған. Оның ішінде Теңіз кенішінің 20 жұмысшысы бар. Ал тағы бір науқас Құрманғазы ауданының тұрғыны болып шықты.

Сондай-ақ, бүгін коронавирус инфекциясынан 26 адам жазылып шыққан. Пациенттердің 25-і –Теңіз кенішінің жұмысшылары. Ал біреуі Атырау қаласының 52 жастағы тұрғыны екен.

«Қауіпті індет Теңіз кенішінде жұмыс істеген 16 ер адам мен 4 әйелден анықталды. Сонымен бірге, Құрманғазы ауданының 48 жастағы тұрғыны бұрын індет жұқтырғанмен байланыста болған. Бәрі инфекциялық стационарға жатқызылып, алгоритмге сәйкес ем қабылдауда.

Ал бүгін қауіпті індеттен айыққандардың бәрі өздерін жақсы сезінеді. Олардан коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін алынған соңғы тест теріс нәтиже көрсетті», - деп хабарлады жедел штабтан.

Бүгін Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 944 адамға жетті. Ал жазылып шыққан пациенттердің саны 262 адамды құрады. 

Еске сала кетcек, бұған дейін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Теңіз кенішіндегі ахуал тұрақталса, жұмысшылар жұмыс орнына оралатынын айтқан еді. Сондай-ақ, Атырауда коронавируспен күреске 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған.

 

 




Көрілген: 746    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 21:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31