Бүгін барлық дерлік өңірде жаңбыр жауады

12 мамыр 2022, 08:55

12 мамырда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен найзағай күтіледі. Тек Қызылорда облысында жоғары қысымды алқаптың әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады. Барлық өңірде екпінді жел, дауыл, бұршақ болжанады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, түнде және таңертең таулы және тау бөктерлі аудандарында бұршақ жаууы, дауыл болуы ықтимал. Найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с құрайды.