Бүгін еліміздің 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды

22 қаңтар 2023, 10:11

«Қазгидромет» РМК 22 қаңтарда Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық жағдайға болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Жексенбіде ауа сапасы Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балхаш, Ақтөбе, Астана және Алматы қалаларында бұзылады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.