Бүгін еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды

02 сәуір 2022, 09:20

2 сәуірде Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 2 сәуір, сенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

 

Тек Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау және Шымкент қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.