Ел жаңалықтары

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады

  • https://myslo.ru/

    https://myslo.ru/

Бүгін республиканың басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстігі мен шығыс бөлігінде кей жерлерде қар жауады.


Кей аумақтарда жел күшейеді, тұман, бұрқасын болады, солтүстік пен шығыста көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды синоптиктер.


"Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында бұрқасындатып, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жетеді", - делінген Қазгидромет болжамында.

Синоптиктер мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.


Ал Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарының кей аумақтарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.


Қазгидромет ескертуі


Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер бүгін тұман түсіп, бұрқасындатады деп болжап отыр.


"Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Солтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында 18 қараша күні тұман түсіп, көктайғақ пен бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады", - делінген ақпаратта.

Петропавлда да көктайғақ болып, солтүстік-батыстан жел ұйтқып, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа райының бұзылу ықтималдылығы 90-95%.


Ақмола облысының бірқатар жерінде тұман түсіп, бұрқасындатады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.


Мегаполистерде ауа райы қандай болады


Нұр-Cұлтанда күн бұлтты, аздап қар жауады, ауа температурасы - 4 градус.


Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашын түседі, температура +10 градус.


Шымкентте күн ашық болады, 12 градус жылы, жауын-шашын түспейді.


 sputnik




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.11.2019, 09:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Желтоқсан, 12:07
    Қазақстанда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31