Ел жаңалықтары

Бүгіннен бастап Алматыда барлық өткізу құжаттары мен анықтамалардың күші жойылады

  • Бүгіннен бастап Алматыда барлық өткізу құжаттары мен анықтамалардың күші жойылады

    Бүгіннен бастап Алматыда барлық өткізу құжаттары мен анықтамалардың күші жойылады

Себебі, қала тұрғындары түрлі форматтағы рұқсат қағаздарын көрсеткен жағдайлар жиілеп кеткен.

7 сәуірден бастап Алматы қаласында жүруге арналған барлық өткізу құжаттары мен анықтамалардың күші жойылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7 сәуірден бастап Алматы қаласында жүруге арналған барлық өткізу құжаттары мен анықтамалардың күші жойылады. Алматы қаласының әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабпен карантин кезінде жұмысты жалғастыратын кәсіпорындардың электронды деректер базасы құрылды.

Базаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, құқық қорғау, коммуналдық қызмет, БАҚ өкілдері, такси және жеткізу қызметтері мен мемлекеттік орган қызметкерлері енгізілді», - делінген дүйсенбідегі хабарда.

Әкімдік ақпарынша, аталмыш ұйымдардан өтінімдер 1-2 сәуірге дейін қабылданды. Мекеме басшылары қызметкерлеріне 6 сәуірге дейін жарамды анықтамалар берді.

«Сонымен қатар, қала тұрғындары түрлі форматтағы рұқсат қағаздарын көрсеткен жағдайлар жиілеп кетті. Жедел штаб ешқандай рұқсат қағаздар мен арнайы рұқсатнама берілмейтінін ресми мәлімдейді. Тек электронды база ғана жұмыс істейді. Бүгінгі таңда рұқсат алуға өтініш жіберген барлық кәсіпкерлерге рұқсат беру немесе дәлелді бас тартуы бар электрондық хаттар жіберілді.

Деректерді толтыру кезіндегі қателіктердің көп болуына, базада жекелеген қызметкерлер мен автокөліктердің болуы немесе болмауына байланысты, кәсіпкерлер Алматы қаласы Полиция департаментінің байланыс орталығына 254 40 07 телефоны арқылы немесе business_stab@almatydc.kz электрондық поштасы арқылы тексеруі керек», - делінген хабарда.

 

 




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.04.2020, 09:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31