Ел жаңалықтары

"Бұл еліміз үшін өте ұятты көрсеткіш": Иманғали Тасмағамбетов Қазақстандағы суицид деңгейінің жоғарғы деңгейі жайлы

  • "Бұл еліміз үшін өте ұятты көрсеткіш": Иманғали Тасмағамбетов Қазақстандағы суицид деңгейінің жоғарғы деңгейі жайлы

Иманғали Тасмағамбетов қазіргі өскелең ұрпақ туралы оң пікірде екенін жеткізді. Айтуынша, олар жаңа технологиялардың арқасында жастар мейлінше ашық әрі толерантты болып қалыптасуда. Бұл туралы ол "Қазақ әдебиеті" басылымына берген сұхбатында айтып кетті. 

"Өзімнің де өсіп келе жатқан немерелерім бар, олардың дос-жараны, айналасы бар&hellip Бай­қағаным, олардың арасында мансап қуу, атақ-дәрежеге жетуден бұрын, өз ісіне берілгендік, қарапайымдылық, креативті болу деген қасиеттер қатты бағаланады. Оның жарқын мысалын заманауи мәдени форматтарда, жаңа өнер түр­лері­нің жаппай таралуынан да көріп жүрміз", - дейді.

 
Өкінішке орай, соңғы жылдары еліміздің өзіне қол салған азаматтардың статистикасы бойынша әлемде алғашқы үштікте тұрғаны Тасмағамбетовтің де көңіліне кірбің салады.

"Қазақстан 15-29 жас аралығындағы жастар ара­сында суицид бойынша алғашқы үштікке кіреді. Бұл еліміз үшін өте ұятты көрсеткіш. Өйт­­кені жасампаз әрі шығармашыл жастарды жо­­ғалту &ndash ұлттық трагедия. Басқаша айта алмай­сың&hellip Оның себебін өз басым қайта құру ке­з­еңін­­дегі ұрпақтың санасындағы төңкеріс пен жаңа либералды жастар көзқарасындағы айырмашылықтан көремін. 90-шы жылдардың барлық ауыртпалығына өзіңіз де куә болдыңыз. Ондай күйзелісті көрмеген ұрпақтың стресске қарсы тұруға осалдығы байқалады. Сол қайта құрудың бел ортасында жүріп «ала сөмке» ар­қала­ған ата-аналарын көп жағдайда түсінбей жатады", - деп Тасмағамбетов жастардың ақырғы қадамға баруының себебін іздеп көрді. 

"Бір нәрсе анық &ndash Димаш ешкімнің қамқорлығына зәру емес. Жиырмадан енді асқан шағында өнеріне миллиардтарды табындырған жан &ndash шын мәнінде маңдайынан періште сүйген жан. Ұлтына рух беріп, халқының жанын емдеген әнші. Арғы-бергі заманда қазақты осындай биікке көтерген кім бар? Ана әлемді қолымен тербетсе, Димаш әнімен тербетті. Міне, көзінен жас аққанша қолпаштаған сол әлемге қарап отырып, осыны түсінесің.

Әрине, аққан бұлақтың көзін ашып, арнасын тазалап тұру азаматтық ардың ісі. Жалпы, қай кезде де тума таланттарды қолпаштап, қамқор болуға емес, қолымыздан келгенше қолдауға тырысайық. Сөз жоқ, жазиралы жеріміз талант­тарға кенде емес.

Сондықтан да, Димаш Құдайберген, Дәнелі Төлешова, Ержан Мақсым сияқты балауса таланттарымызды қолдауға әр қазақ асығуы тиіс", - деді Тасмағамбетов.




Көрілген: 3276    Пікірлер: 0

жұма, 27.11.2020, 11:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31