Ел жаңалықтары

"Бұл фестиваль мен форум өткізу емес": президент қазіргі жағдайды соғысқа теңеді

  • "Бұл фестиваль мен форум өткізу емес": президент қазіргі жағдайды соғысқа теңеді

Президент коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл бойынша қойған міндеттерінің толығымен орындалмағанын айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясына қарсы күресті соғысқа теңеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл бойынша менің қойған мақсат-міндеттерім орындалған жоқ немесе толығымен орындалмады. Мен бұған дейін айтқанмын, негізі, біз соғыста жүрміз, ол жерде мүлдем басқа тәртіп, басқа ережелер. Бұл фестиваль мен форумды өткізу емес. Басқарудың мүлдем басқаша стилі керек. Шын мәнінде, дағдарысқа қарсы шаралар болуы шарт", - деді Тоқаев бүгін коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, пандемия кезінде елдегі цифрландырудың кемшіліктері анықталды. Соның ішінде денсаулық сақтау саласы да бар.

"Жағдайдың мониторингі әлі күнге дейін қолма-қол режимде жүргізіледі", - деді президент.

Айта кетейік, осы отырыста президент жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа және премьер министрдің орынбасары, ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжановқа сөгіс жариялады.

Ал Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ескерту алды.

Сондай-ақ, президент Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті.

Тоқаев бұл мәселе барлық облыс басшыларына қатысты екенін айтты.




Көрілген: 265    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 19:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31