Ел жаңалықтары

«Бұл сенің тарихи Отаның емес!»: көкшетаулық «казак» қазақ жерін Ресейдің тарихи Отаны деп атады (ВИДЕО)

  • «Бұл сенің тарихи Отаның емес!»: көкшетаулық «казак» қазақ жерін Ресейдің тарихи Отаны деп атады (ВИДЕО)

    «Бұл сенің тарихи Отаның емес!»: көкшетаулық «казак» қазақ жерін Ресейдің тарихи Отаны деп атады (ВИДЕО)

Кеше Көкшетау қаласының тұрғыны көшеде немерелерін жетектеп, казак әскерінің киімімен жүрген ер адамды видеоға түсіріп алды. Сол сәтте ескі әскери формадағы ол қазақ жерін Ресейдің тарихи Отаны деп атаған, деп жазды paryz.kz.

Қазір видео Whatsapp желісі арқылы тарап жатыр. Оны түсіріп тұрған қазақ жігіт орыс-казак әскері дәуірін "аңсаған" өзге ұлт өкілін тоқтатып, оның басқыншылар формасында жүргеніне: "Мен қазір көшеде атпен жүрсем, сізге ұнай ма?" - деп кейістік танытқан. Ал немересін жетектеген ер адам: "Еркің білсін. Шыға бер! Мәселе жоқ", - деп жауап береді.

Одан әрі ол: "Түсіндірейін, бұл &ndash біздің тарихи Отанымыз! Біздің бұлай жүруге толық құқығымыз бар", - деп саусақ шошайтты. Сол сәтте "Бұл сенің тарихи Отаның емес! Бүгін 6 қараша..." - дей бастаған видео авторының сөзін бөліп, қайтадан: "Бұл &ndash Ресейдің тарихи Отаны!" - деп нық сеніммен сөйледі.

Әрине, намысқа тырысқан азамат оған: "Ешқашан болған емес, болмайды да! Бұл &ndash Көкшетау! Қазақтың жері!" - деп шыр-пыр болды.

Дегенмен, өз сөзінің "дұрыстығына" күмәні жоқ "казак әскері" жас жігітке мереке қарсаңында немерелерімен жүргенін ескертті де, "солардың көзінше ұрсыспай-ақ қояйық" дегендей емеурін танытып, ілгері жүріп кетті.

Сонда бұл қалай болғаны?! Ресей Думасының депутаттары бастап, оларды өз ішіміздегі жақтастары қостап, қазақтың атақонысына көз аларта бастағандары жақсылықтың нышаны емес-ау?!.




Көрілген: 5859    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.01.2021, 22:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31