Ел жаңалықтары

Бұл ту – фейк!

  • Бұл ту – фейк!

    Бұл ту – фейк!

Әлеуметтік желілерде және Уатсапп мессенджерінде қазақстандықтар «Қазақстанның жаңа әскери туы» бекітілгені туралы хабарды талқылауда. 


Осыған байланысты менің ұялы телефоныма ашынған азаматтардан хабарламалар түсе бастады.

«Православ кресіне келтірілген сияқты. Бұл тудың авторлары орыс сияқты, не шоқынған қазақтар», «Қазақы оюының өзі де крест, бұл не масқара!», «Төркіні христиандықтан бастау алатын Норвегияның, Швейцияның, Исландияның жалауынан ұрланған» деп шулап жатыр ел.

«Бақытбек! Жалаңтөске ескерткіш орынатқаны орынды. Бірақ биліктің мына ақпаратта айтылған ісі рас болса, іс насырға шабады. Неге ақпарат алаңында түсіндіру күресін жүргізбейсіңдер! Ел дүрлігуде, ал, «скорость паники во много крат выше геометрической прогрессии...» Билік тарапынан ақиқатты түсіндіретін жедел қимыл-әрекет керек!» деп жазды жаңа ғана ұлтжанды азаматтардың бірі.

Сондықтан бұл жаңалықтың жалған екенін жария еткім келеді.

Өйткені біріншіден, «Президент құрлық әскерлері, әуе күштері және әскери теңіз флоты үшін бірыңғай әскери тудың дизайнын бекітті және ол елдің барлық әскери бөлімдері мен оқу орындарында пайда болды», – деген ақпараттың бастапқы қайнар-көзі «Панорама» басылымы болып табылады. Ал ол өзін «сатиралық басылым» деп атайды, яғни жазатындары ақиқат ауылынан алыс қонған әзіл-қалжыңдар ғана.




Екіншіден, әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарында жаңа байрақ пайда болған жоқ, бәрінде қолданыстағы тулары тұр.

Үшіншіден, Қорғаныс министрлігі басшылығымен де хабарластым, олар осы күндері ешқандай әскери ту өзгертілмегенін растады.

Аңғал болмайық, ағайын! Көрінген құйтырқы әзіл мен фейкке сүйеніп, қазіргі аумалы-төкпелі заманда алтыннан да қымбат тыныштығымызды тоқырата бермегеніміз жөн.


Бақытбек Смағұл

Мәжіліс депутаты


www.facebook.com




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.10.2019, 23:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30