Ел жаңалықтары

"Бұл үлкен қателік болды: Назарбаев Рахат Әлиев пен Мұхтар Әблазов жайында ашық сұхбат берді

  • "Бұл үлкен қателік болды: Назарбаев Рахат Әлиев пен Мұхтар Әблазов жайында ашық сұхбат берді

Белгілі режиссер Оливер Стоун режиссерлік етіп түсірген "Qazaq: Алтын адамның тарихы" деректі фильміне сұхбат берген ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев марқұм күйеу баласы Рахат Әлиев туралы айтып, оның жоғары лауазымға тағайындалуын "үлкен қателік" деп атады. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Назарбаев Қаржы полициясының басшысы болған уақытта Рахат Әлиевтің бизнеске қысым көрсетіп, ақшаларын тартып алғанын айтады.

 "Ол қаржы полициясының басшысы болды. Осыны пайдаланған ол бизнеске қысым көрсетіп, ақшаларын тартып алды. Бір уақыттарда мен оған "Тоқта" деп ескерту айттым. Елестетіп көріңізші, менің күйеу балам. Кішкентай үш немерем бар. Барлығы – үш немеремді алып қызым мен әкелері алдыма келді. Ал мен: "Мен не істей аламын, міне қылмыскер – ол" деп айттым, - дейді ол.

Тұңғыш президент бұл жағдай өзіне ауыр соққы болғанын айтып өткен.

"Өте ауыр болды. Егер басқа біреу болса... Ал бұл жерде өзің сенім артқан, арқа сүйеген адамың...", - дейді Назарбаев.

Журналист Оливер Стоун сұхбат барысында Назарбаевтан ұжымында үлкен қызмет атқарған адамдардың бір кезде өзіне қарсы әрекет ете бастағаны жайлы сұрайды.

"Бұл біздің тарихымызда ғана емес, барлық елде солай", - дейді Елбасы. -1991 жылы Кеңес Одағы ыдыраған уақытта біз жалғыз қалдық, аман қалу үшін әрекет ету қажет еді. Менімен бірге жұмыс істеген әріптестерімнің барлығы бұрынғы коммунистер еді. Бірақ арамызда жоғары оқу орнын бітірген, нарықтық экономика мен капитализм жайында білетін жас жігіттер болды. Ескі тәжірибем кедергі болмас үшін, мен 30-32 жас аралығындағы жігіттерді жоғары қызметтерге тағайындай бастадым", - деп жауап береді Назарбаев.

Назарбаев сөз арасында Мұхтар Әблазов туралы тоқталып өтеді.

"Бұл қателік үлкен болды. Мен лауазымға қойған соң олар мемлекеттің онсызда аз ақшасын ұрлай бастады. Көбісі жемқорлыққа тап болды. Оны (Әблазов – ред.) Лондон соты халықаралық алаяқ деп танып, соттаған. Мен оған кешірім жасадым", - деп жалғастырады Елбасы.

"Ең үлкен қателік ол банкке қайта оралып, сол банкті тонап, бірнеше миллиард доллар ақшаны шетел асырып алып кеткенінде. Мұнымен қоса, ол өз жолдасының тапсырыспен көзін жойды. Мұның барлығын біз америкалық ФБР-мен бірге зерттедік", - деп сөзін түйіндейді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Айта кетейік, "Qazaq: Алтын адамның тарихы" фильмі 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күніне орай КТК телеарнасында көрермен назарына ұсынылды.




Көрілген: 958    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.12.2021, 16:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31