Ел жаңалықтары

Бұрқасын, қар, жел – жұмаға арналған ауа райы

  • Бұрқасын, қар, жел – жұмаға арналған ауа райы

    Бұрқасын, қар, жел – жұмаға арналған ауа райы

Қазгидромет 14 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, қар жауып, еліміздің оңтүстік жартысында жауын-шашын жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, көктайғақ, жаяу бұрқасын, батысында, солтүстігінде тұман түседі. Атырау облысының батысында, оңтүстігіде және орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың батысында, күндіз орталығында желдің 15-22 м/с күшеюі күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, тау және таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын ықтимал. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының оңтүстік жартысында, күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Қостанай облысының шығысында, түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

ҚазАқпарат.




Көрілген: 673    Пікірлер: 0

жұма, 14.01.2022, 00:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31