Ел жаңалықтары

Бұршақ жауады – синоптиктер ертеңге болжам жасады

  • Бұршақ жауады – синоптиктер ертеңге болжам жасады

    Бұршақ жауады – синоптиктер ертеңге болжам жасады

Синоптиктер 12 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты. Қазгидромет мәліметі бойынша, 12 маусымда батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болмайды. Қазақстанның қалған бөлігінде ауа райы құбылмалы. Кей жерде күн күркіреп, жел күшейеді, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте – тұман.


Дабылды ескерту


Қостанай облысында 12 маусымда кей жерде күн күркірейді, түнде және таңертең - тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күн күркірегенде 15-20 м/с-қа дейін ұйытқиды.


12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде тұман түседі, күн күркірейді, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, кей жерде екпіні – 15-20 м/с, күндіз ұйытқуы 23 м/с.


Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында кей жерде төтенше өрт қаупі бар.


Өңірлердегі ауа райы


Ақмола облысында кей жерде – желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.


Алматы облысында желдің екпіні 17-22 м/с.


Жамбыл, Қарағанды облыстарында кей жерде – дауыл, желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.


Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.


Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерде тұман түседі, желдің екпіні 15-23 м/с, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде дауыл соғады.


Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, Маңғыстау облысының кей жерінде аптап ыстық болады


Ірі қалалардағы ауа райы


Шымкентте ауа райы ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз температура 25-27 градус нөлден жоғары, түнде - 15-22 градус.


Алматыда сәрсенбіде күн бұлтты, кейде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз сынап бағанасы плюс 18-20 градусты көрсетсе, түнде 13-15 градус жылы болады.


Қазақстанның астанасында ауа райы көшпелі бұлтты, түске дейін күн ашық болса, түстен кейін жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз температура 22-25 градус ыстық болса, түнде 16-20 градус аралығында құбылады.


 


sputniknews.kz




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.06.2019, 22:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30