Бұршақ, найзағай, нөсер жауын: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы

21 сәуір 2022, 08:07

Еліміздің бірқатар облысында 21-23 сәуір аралығында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, көктайғақ болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

21 сәуірде Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 21 сәуірде жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні – 18 м/с.

22 сәуірде Қостанай облысының оңтүстігінде жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ болады. 21-23 сәуірде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. 21 сәуірде күндіз солтүстікте, шығыста жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с, 22-23 сәуірде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 21-23 сәуір аралығында түнде ауа температурасы 5-10 градус жылыдан 3-8 градус аязға дейін күрт төмендеуі ықтимал.

Түнде 22 сәуірде Ақмола облысының шығысында жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ болады. 21-23 сәуірде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 21 сәуірде түнде солтүстікте, оңтүстікте, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, солтүстік-шығыста екпіні 23 м/с, 22-23 сәуірде солтүстікте, оңтүстікте 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 21-23 сәуір аралығында түнде ауа температурасы 5-10 градус жылыдан 3-8 градус аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.

Түнде 22 сәуірде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ болад. 22-23 сәуірде облыстың солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, 21 сәуірде облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с болады, 22-23 сәуірде облыстың солтүстігінде, шығысында желді екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. 21-23 сәуір аралығында түнде ауа температурасы 3-8 градус жылыдан 3-8 градус аязға дейін күрт төмендейді деп болжануда.

Түнде 22 сәуірде Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, 23 сәуірде шығысында жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ болады. 21 сәуірде күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 21 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 25 м/с, 22-23 сәуірде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. 21-23 сәуір аралығында түнде ауа температурасының 5-10 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін күрт төмендеуі ықтимал. Қарағанды қаласында 21 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. Жезқазған қаласында 21 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15 м/с.

Түнде 22 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ болады. 21-23 сәуірде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің жылдамдығы күндіз 21 сәуірде облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, 22 сәуірде солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Түнде 21-22 сәуірде ауа температурасының 0-5, оңтүстікте 8 градус жылыдан 3-8 градус аязға дейін күрт төмендеуі ықтимал. Петропавл қаласында күндіз 21 сәуірде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с, екпіні – 23 м/с.

Түнде 22 сәуірде жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ болады. 22 сәуірде тәулік бойы желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде 21-22 сәуірде ауа температурасының 2-4 градус жылыдан 5-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

sn.kz