Ел жаңалықтары

Бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімі ұзартылды

  • Бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімі ұзартылды

    Бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімі ұзартылды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 2021 жылдың ақпанына дейін ұзартылды. Бұл туралы Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Нұр-Cұлтанның тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамағын төрт айға дейін ұзартты. Ол ақпан айының соңына дейін үй қамауында болады", - деді Дмитрий Куряченко.

 
Адвокат бұрынғы денсаулық сақтау министрі "еңсесі түсіп, мойымағаныны" атап өтті.

"Үйқамақта болған соң, қорғаушысы ретінде онымен үйінде жиі кездесемін. Ол ешқандай кінәні сезбейді, батыл шешімдер қабылдауға дайын", - деп қосты Дмитрий Куряченко.

Еске салсақ, Біртанов 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрінің ұсталғаны 3 қарашада белгілі болды. Біртановқа аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 17:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31