Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Біртановтың ісі сотқа жіберілді

17 қаңтар 2022, 11:27

ҚР бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс сотқа келіп түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Іс әлі соттың қаралымына жіберілмеген.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес судья бес тәулік ішінде келіп түскен іс бойынша негізгі сот талқылауын жалпы немесе қысқартылған тәртіппен тағайындау туралы не істі алдын ала тыңдауды өткізу туралы шешім қабылдайды", - деді сотта.

Бұған дейін сот Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімін 14 қаңтарға дейін ұзартқан болатын.

Апелляциялық шағымды судья Элеонора Оңғарсынова қарады. Біртановтың адвокаттары оған қарсы шыққан болатын.

Алайда судья алдыңғы үкімді күшінде қалдырды.