Ел жаңалықтары

Бұрынғы СІМ жауапты хатшысына қатысты сот үкімі шықты

  • Бұрынғы СІМ жауапты хатшысына қатысты сот үкімі шықты

    Бұрынғы СІМ жауапты хатшысына қатысты сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтанда елшілік ғимаратының құрылысына бөлінген қаражатты жымқырды деп айыпталған бұрынғы СІМ жауапты хатшысы Анарбек Қарашевқа қатысты сот үкімі шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ , порталы қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, №2 Байқоныр аудынының сотында Қарашев және өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қаралған.. Қарашевтің елшілік ғимаратының құрылысы үшін және қосылған құн салығына бөлінген ақшалай қаражаттарды жымқырғаны үшін айыпталғаны белгілі болды. Сондай-ақ, оның кәсіпкерлерден пара алғандығы, ақшалай қаражатты заңдастырғаны айтылды. 

"Прокурор сот талқылауы барысында Қарашевтің пара алу мен қаражатты заңдастырудағы айыптан бас тартып, айыптың жаңа тұжырымдамасын ұсынған. Прокурордың мұндай шешімі сот үшін міндетті болып табылады", - делінген хабарламада.

 Сот Қарашевтің іс-әрекетін лауазымдық өкілеттілікті теріс пайдалану деп саралаған. Одан бөлек, Өзбекстандағы бұрынғы елші Утембаев Қарашевқа қылмыстық құқық бұзушылыққа көмектескені үшін айыпталды. 

"Сакенова (СІМ Басқармасы шаруашылығының бұрынғы директоры) кәсіпкерлерден пара алғандығы үшін айыпталды. Нурекенов, Джумасановаға (Басқарманың бұрынғы қызметкерлері) келесідей айып тағылды: біріншісі - өкілеттілікті теріс пайдалануға және және пара алуға көмектескен, екіншісі – пара алуға көмектескен.  ЖШС-нің басшысы Кутдусов пара бергендігі үшін айыпталды", - деді қалалық сот. 

 Барлық сотталушыларға айыптау үкімі жарияланған. Сот Қарашев, Утембаев және Нурекеновтің алғашқы рет жауаптылыққа тартылып отырғандығын, кәмелетке толмаған балаларының бар болуы есепке алды. Осылайша, Қарашев және Утембаевқа 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы (бап санкциясы 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруды қарастырады) тағайындалды. 

Нурекеновке - 5 жыл, Сакенова, Джумасановаға 2 жыл бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 Кутдусовқа айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

 Ведомсво мәліметінше, барлық сотталушылар мемлекеттік қызметте қызмет  атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 




Көрілген: 250    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 13:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31