Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Біз астаналық болып қала береміз – Елорда әкімі

21 наурыз 2019, 20:02

Шаһар басшысы мерекелік құттықтаумен қатар, астананың «Нұр-Сұлтан» атымен Қазақстанның жаңа бейнесін паш етіп отырғанын айтып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қымбатты астаналықтар!

Ардақты елорданың турғындары мен қонақтары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың, ырыс-береке мен бірліктің мерекесі. Халқымыз оны қашанда биік көңілмен, ерекше ықыласпен қарсы алады.

Бұл еліміздің ынтымағы мен бірлігін, берекесін уағыздайтын ұлы мейрам. Өткен мен болашақты, татулық пен сыйластықты жалғаған жасампаз мереке.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев алдағы 10 жылды елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосатын шешуші кезең екенін атады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біздің басты міндетіміз – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және тұрмысын-тіршілігін жақсартуды жалғастыруды тапсырды.

Осынау жаңа жылдың бастауы елімізге ерекше жаңалығымен келіп, жақсылықтың жаршысы болуда. Бүгінде біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық.

Елорда өткеннің құндылықтарын дәріптей отырып, күллі әлемге «Нұр-Сұлтан» атымен Қазақстанның жаңа бейнесін паш етіп отыр. Бұл Елбасымыздың ерлігі мен ерен еңбегін бағалау, есімін елеп, мәңгілік тариxта қалдыру.

Алайда біз бәріміз астаналықтар болып қала береміз. Бұл қалыптасқан термин.

Наурыз шаңырақтарыңызға шаттық пен толағай табыс әкелсін!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін!