Ел жаңалықтары

«Біз не істейміз, қалай өмір сүреміз?»: Баян Алагөзова карантинде қолдау көрсетпеген министрлікке наразы

  • «Біз не істейміз, қалай өмір сүреміз?»: Баян Алагөзова карантинде қолдау көрсетпеген министрлікке наразы

    «Біз не істейміз, қалай өмір сүреміз?»: Баян Алагөзова карантинде қолдау көрсетпеген министрлікке наразы

Продюсер Баян Алагөзова "Время" газетіне берген сұхбатында карантиннен туындаған қаржылық мәселелер туралы айтып, Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан қолдау таппағанына наразылық білдірді, деп хабарлады Stan.kz.

"Бір жылға жуық жұмыссыз отырып, біздің Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан бірде-бір сөз естімегеніміз өкінішті. Біз не істейміз, қалай өмір сүреміз? Мемлекеттен ешқандай көмек алған да жоқпыз", - деді Алагөзова.

Продюсер өзінің қаржылық қажеттілігін Instagram-дағы жарнама, жеке тапсырыстар және күйеуі өтеп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық әртістер ет бизнесімен айналысып, қымыз сатып, наубайхана аша бастаған. Ал кейбіреуі такси жүргізушісі, тамақ тасымалдаушы болып жұмысқа кірген.

"Менің көптеген әріптесім бір кесек нансыз отыр, жабық шаралардан ақша тауып жүр. 2021 жылы сәуірде менің тұрақты кәсібім болып келген "KeshYOU" тобына 15 жыл болады. Бізде үлкен жоспарлар болды, мерейтойлық концерт жасағымыз келді, бірақ қазір оған ақша жоқ. Бұрын 15 желтоқсаннан бастап біз бір іс-шарадан екіншісіне әрең үлгеруші едік, ал қазір тып-тыныш. Егер біз тағы бір жыл отыратын болсақ, онда топты тарату туралы ойлануға тура келеді", - дейді Баян.




Көрілген: 4595    Пікірлер: 0

сенбі, 23.01.2021, 17:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31