Ел жаңалықтары

"Бізге базарды ашсын!". Ақтөбеде саудагерлер базарларға бірдей талап қойылмағанына шу шығарды

  • "Бізге базарды ашсын!". Ақтөбеде саудагерлер базарларға бірдей талап қойылмағанына шу шығарды

Ақтөбеде саудагерлер базарларға бірдей талап қойылмағанына ашуланып, шу шығарды. Олар санитар дәрігерлердің қаладағы барлық базарға бірдей талап қоймай отырғанына наразы, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме беріп.

Егер қауіпсіздік үшін саудаға тыйым салынса, барлық жер жабылсын деп отыр. Ал саудагерлерді алалайтын болса, базарлар жаппай ашылсын деп ашынады.

 

Бір ай бұрын қақпасына қара құлып салынған орталық базардың алдына таң атысымен жүз шақты саудагерлер жиналған. Оларды тәртіп сақшылары мен әкімдік қызметкерлері де күзетіп жүр. Саудагерлер карантин кезінде талаптың барлық базарға бірдей қойылмай отырғанына ашулы. 


"Карантин тоқтатыңдар": Атырау облысында кәсіпкерлер базарлар мен сауда орындарын ашуды талап етті 


"Маусымнан ашылғанын кейін ешқандай карантин болған жоқ. «Алтай» базары, «Табыс», «Шығыс» істеп жатыр. Бізде неге жабық?", - дейді олар.

Жиналған саудагерлер базарларды санитар мамандар алалайтын болса, дереу орталық базарды ашсын деп талап қойды. Онымен қоса, бір айдан бері табыстан қағылып, «ас-суымызды әрең тауып отырмыз» деп ашынады.

"Бізде ай сайын жауып тастайды. Кредиттеріміз бар. Жалғызбасты анамын. Үш балам бар. Жәрдемақы ештеңеме жетпеді, не несиеме, не дәрілеріме. Біз тегін ештеңе сұрап жатқан жоқпыз. Өз адал еңбегімізбен күн көргіміз келеді. Бізге базарды ашсын!", - дейді Жазира Ахметова, саудагер.

Шенеунік екі аптасыз сауда орны ашылмайды деп отыр. 17-тамызға дейін ашлмайтынын айтады.

Санитар мамандар соңғы рет екі аптаға созылған карантин талаптары жеңілдетілуі мүмкін деген болжамын да айтады. Ол аймақтағы эпидемиялогиялық ахуалға байланысты болмақ. Індеттің таралуы тоқтаса ғана судагерлердің талабы орындалуы мүмкін.

 

 




Көрілген: 273    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.08.2020, 11:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30