Cәуірде ауа райы қандай болады?

Cәуірде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктері сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, сәуірде күн ұзақтығы артады, одан әрі күн жылынады. Қазақстанның солтүстігінде сәуірдің бірінші онкүндігінде орташа тәуліктегі ауа температурасы 0 градус, ал еліміздің оңтүстігінде +10 градус тұрақты оң мәндерге ауысатыны байқалады. Сәуірде аумақтың көп бөлігінде қар ериді.

Бір ай ішінде республика аумағында барикалық түзілім ауысуына байланысты жылы, ашық күндер де, салқын, бұлтты күндер де болады. Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің еуропалық аумағынан циклондар шығуына байланысты кейбір күндері жаңбыр, екпінді жел, Қазақстанның оңтүстігінде найзағай, шаңды дауылмен ауа райы тұрақсыз сипатта болады.

"Сәуірдің бірінші онкүндігінің басында еліміздің батысында және оңтүстік жартысында (оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр ылғалды қарға ауысуы мүмкін), онкүндіктің ортасында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Оңтүстік аймақтарда түнгі сағаттарда 1-6 градусқа дейін үсік күтіледі", - делінген хабарламада.

Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

ҚР батысында түнде 0,+10 градустан +7+17 градусқа дейін, күндіз +7+15 градустан +17+28 градусқа дейін;

еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -6+5 градустан +5+12 градусқа дейін, күндіз +5+15 градустан +20+28 градусқа дейін;

еліміздің шығысында түнде -7-20 градустан 0,-5 градусқа дейін, күндіз 0,-5 градустан +8+13 градусқа дейін.

Республиканың солтүстігінде, орталығында барикалық түзілімдер жиі өзгеруіне байланысты ауа температурасы ауытқуы болжанады:

түнде -5-10 градустан 0,+5 градусқа дейін, күндіз +3+10 градустан +10+18 градусқа дейін.

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндіктерінде Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массалары енуіне байланысты температуралық фон жоғарылауы мүмкін:

еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +5+13 градус, күндіз +15+25 градусқа дейін;

оңтүстік өңірлерде және ҚР батысында түнде +10+17 градус, күндіз +25 +35 градусқа дейін.

Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында Ресей аумағынан суық ауа массалары енуі кезінде термометр бағандары түнде -2-7 градусқа дейін, күндіз +6+13 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде және еліміздің батысында ауа температурасының түнде -2+7 градусқа дейін, күндіз +10+18 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста