Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Челахтың қай сөзіне сенеміз?

06 желтоқсан 2012, 14:21

Кеше «Арқанкерген» шекара бекетіндегі 15 адамның өліміне қатысты айыпталған шекарашы Владислав Челахтың ісіне байланысты сот үдерісінде оның екі қорғаушысы Серік Сәрсенов пен Серік Естияровтар қайта араласты. Мұның алдындағы үдерістерге бұл екеуі денсаулығына байланысты келмей қалған болатын.
Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Сәрсенов пен Естияровтар желтоқсанның 4-і күні олардың орны­на жаңа адвокатты тағайындаған сот шешіміне нара­зы­лық білдірді. Олардың айтуынша, адвокат денсау­лығына байланысты үдеріске қатыса алмай қалғанда, жаңа қорғаушы кемінде бес күннен соң тағайындалуы керек. Кеше Талдықорғанда жанданған сот отыры­сын­да В.Челахтың ісіне қатысты заттай айғақтар зерттелді. Оған жаңа адвокат Жұмағайша Саржанова да қатысты. Бұл айғақтардың қатарында қорықшы Руслан Кимнің қызмет күнделігі, капитан Алтынбек Кереевтің DVD дискілері бар қорабы, гранатаның оқсауыты мен мұрын­дығы, МР3 player-і, ұялы телефондары мен ұсақ ақ­шалары бар әмияны бар. Сотта айыпталушы өзінің бұрынғы жауаптарынан түбегейлі бас тартты. Соның ішін­де ол қорықшы Кимді де, әскери қызметтестерін де өлтірмегенін айтып, қылмысты белгісіз біреулердің жа­сағанын меңзеді. Өзін сот залынан босатуды өтінген ол тағы да айдауылдарға қарсылық көрсетті. Челах ісі осы­лай ойысып жатқанда одан талап етілген ақының көле­мі өсіп кетті. Қаза тапқан сарбаз Қамбар Ағанастың ата-анасы Челахтан моральдық шығын ретінде 20 млн теңге, №2484 әскери бөлімінің өкілі 25 млн теңге талап етіп отыр. Мұның алдында қаза тапқандардың бірі – Талғат Сәрсенбаевтың анасы одан 10 млн, қо­рық­шы Руслан Кимнің ағайыны 7 млн теңге моральдық шы­ғын талап еткен болатын. Айта кетейік, «Арқанкер­ген» шекара бекетіндегі 15 адамның өліміне қатысты айыпталған В.Челахтың ісі Талдықорған қалалық сотында қарашаның 15-інен бері қаралып жатыр.