Чилиде алып шұңқыр пайда болды

03 тамыз 2022, 18:27

Чилиде Алькапаррос мыс кенішінің жанынан тереңдігі 200, ені 25 метрден асатын алып шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды “Хабар 24” арнасы.

Шахта басшылығының айтуынша, жұмысшылар мен жақын жерде тұратын адамдар зардап шекпеген. Ең жақын тұрғын үй шұңқырдан 600 метр қашықтықта орналасқан.

Қазір жергілікті билік бұл шұңқырды зерттеу үшін Ұлттық геологиялық қызмет мамандарын жіберген. Әзірге қызметкерлер жердегі шұңқырдың пайда болуы шахталардағы тау-кен жұмыстарымен байланысты деп болжауда.