COVID-19 бен пневмония салдарынан 42 науқас қайтыс болды

02 қазан 2021, 13:36

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 2 қазандағы ақпарат жария етілді.
ҚР ДСМ баспасөз қызметі хабарлағандай, 2 қазандағы мәлімет бойынша, 59 926 адам коронавирус инфекциясынан (–51 697 + және 8 229 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 899 пациент стационарда, 50 027 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 767 адамның жағдайы ауыр,

• 229 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

• 147 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр,

• 42 науқас қайтыс болды.


BAQ.KZ