Ел жаңалықтары

Дабылды ескерту: Қазақстанның кей өңірлерінде үсік жүреді

  • Дабылды ескерту: Қазақстанның кей өңірлерінде үсік жүреді

    Дабылды ескерту: Қазақстанның кей өңірлерінде үсік жүреді

 Синоптиктер Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Алматы және Қарағанды ​​облыстарында үсік жүреді деп болжады. Осы орайда, аталған өңірлерде дабылды ескерту жарияланды. 5 маусым күні түнде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сонымен қатар Петропавлда 5 маусымға қараған түні топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік жүреді. Синоптиктердің болжамынша, 5 маусымда Қарағанды ​​облысында жел тұрып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтілуде. Қарағандыда түнде желдің екпіні секундына 15 метрге жетуі мүмкін. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында күн күрт суытады, 6-7 маусымда түнде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді. Жұма күні - 5 маусымда Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жауып, дауыл тұрады деп болжанды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Өскеменде 5 маусымда найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі Семейде күн күркіреп, бұршақ жауады деп күтілуде. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 557    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.06.2020, 20:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31